Елімізде жылына 90 мыңға жуық отандық көлік өндіріле ме?

Елімізде жылына 90 мыңға жуық отандық көлік өндіріле ме?

Елімізде жылына 90 мыңға жуық отандық көлік өндіріле ме?
ашық дереккөзі
12 сәуірде өткен Мәжілістің кезекті отырысында депутат Асхат Рақымжанов еліміздегі көлік индустриясы туралы сөз қозғап, сауал жолдады. Оның пікірінше, қазір жылына 90 мыңға жуық отандық көлік өндіріледі. Factcheck.kz айтылған деректерді тексеріп көрді деп хабарлады turkystan.kz.
"Қазақстанда қазір жылына 90 мыңға жуық отандық автокөлік өндіріледі, оның 10 мыңы субсидиялар мен экспорттық кредиттер арқылы экспортқа жіберіледі", - деген болатын Асхат Рақымжанов.
Басылым үкімнің шындыққа жақын екенін мәлім етті.
"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің индустриялық даму комитеті мәліметінше, 2022 жылы елімізде 103 345 көлік өндірілген. Оның 10 006-ы экспортқа жіберілген. Депутат айтқандай, жылына 90 мыңға жуық автокөлік өндірілмейді (2022 жылды қоспағанда)", - делінген хабарламада.