Желіде алматылық жастардың төбелескен видеосы тарады

Желіде алматылық жастардың төбелескен видеосы тарады

Желіде алматылық жастардың төбелескен видеосы тарады
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде қалада төбелес ұйымдастырған жастардың видеосы тарап кетті деп хабарлады turkystan.kz. Бейнежазбадан бірнеше жігіттің бір жас жігітті қалай ұрып-соққанын көруге болады. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 28 сәуірге қараған түні «102» кезекші пультіне Розыбакиев пен Есқараев көшелерінің қиылысында төбелес болып жатқаны туралы шағым түскен.
«Жедел басқару орталығының қызметкерлері оқиға орнына полицияның патрульдік экипаждарын жіберіп, құқықбұзушылықты тоқтатып, төбелеске қатысушыларды ұстап, Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізді. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды»,- деп хабарлады ведомстводан.
Төбелеске қатысы барлардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.