Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен 2 адам көз жұмды

28 сәуір, 2023 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен 2 адам көз жұмды Жаңаөзенде болған жарылыстан кейін ауыр халде ауруханаға жеткізілген 46 және 51 жастағы екі ер адам қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz.
«Зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілді. Өкінішке қарай, дәрігерлер оларды аман алып қала алмады, олардың жағдайы өте ауыр болды. Барша туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз», – делінген Маңғыстау облыстық аурухананың хабарламасында.