Жаңалықтар

Құлсарыда 4 жылдан бері салынып жатқан мектеп әлі пайдалануға берілмеген

ашық дереккөзі

Құлсарыда 4 жылдан бері салынып жатқан мектеп әлі пайдалануға берілмеген

Құлсары қаласында аманаттықтар жаңадан салынып жатқан 300 орындық мектепте партиялық бақылау бекетін ашты. 2019 жылы құрылыс жұмысы басталған бұл нысан былтыр желтоқсанында аяқталуы тиіс еді. Алайда ғимарат осы уақытқа дейін пайдалануға берілген жоқ. Мердігердің айтуынша, бұған қаржының уақтылы бөлінбеуі және жобалық-сметалық құжаттаманы түзету жұмыстары ұзаққа созылып кетуі себеп болып отыр. Сонымен қатар «Қазақтелеком» ақауы бар магистральдық жерасты кабелін партиялықтардың араласуынан кейін ғана ауыстырды. Бұл да құрылыс барысына кедергі келтірді. Бұған қоса, дене шынықтыру залын кеңейту мақсатында партиялықтардың ұсынысы бойынша ескі қазандық бұзылды.