Аймағамбетов министр кезінде шенділер қандай өтініш жасағанын айтты

Аймағамбетов министр кезінде шенділер қандай өтініш жасағанын айтты

Аймағамбетов министр кезінде шенділер қандай өтініш жасағанын айтты
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаты, бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елімізде ересектерге арналған қазақ тілі курстарын көбейту қажет екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz. Депутаттың айтуынша, осы уақытқа дейін айналадағы әріптестері өзінен қазақ тілін жақсы оқытатын тәжірибелі маман ұсынуын сұраған. Экс-министр қазақ тілін үйрену, әсіресе басшылықта жүргендер үшін үлкен маңызға ие екенін айтты. «Мемлекеттік тілді түсініп, үйреніп жүргендер, сөйлеуге тырысатын басшылар саны күннен-күнге артуда. Мен облыста басқарма басшысы болып жұмыс істеп жүрген кезімде көптеген әріптестерім менен көмек сұрайтын. Министр болып жұмыс істеген кезімде де көптеген шенді қазақ тілін үйрететін жақсы мұғалім ұсынуымды өтінген кездері болды», – деді Аймағамбетов. Депутат мемлекеттік қызметкерлер қазақша оқуды үрдіске айналдырғаны дұрыс деп санайды.