«Мас болған»: қарт анасын қорлаған тұрғын қамауға алынды

«Мас болған»: қарт анасын қорлаған тұрғын қамауға алынды

«Мас болған»: қарт анасын қорлаған тұрғын қамауға алынды
ашық дереккөзі
Астанада қарт анасын қорлаған тұрғын қамауға алынды. 81 жастағы тұрғынның айтуынша, оның 55 жастағы ұлы үйде жанжал шығарып, оны қорлаған және кемсіткен деп хабарлады turkystan.kz. Рolisia.kz-тің жазуынша, Астана тұрғыны үйге мас күйінде келіп, жанжал шығарып, анасына қатысты балағат сөздер айтып, оның ар-намысын қорлап, сол арқылы психологиялық зорлық-зомбылық көрсете бастағаны анықталды. Аталған дерек бойынша Сарыарқа ауданы полиция бөлімі учаскелік инспекторы Ернар Әбдірашев құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.