Жаңалықтар

Хельсинкиді егеуқұйрық басып кетті

ашық дереккөзі

Хельсинкиді егеуқұйрық басып кетті

Хельсинкидің қақ ортасын егеуқұйрықтар қаптады. Бұл туралы жергілікті ақпарат көзіне сілтеме жасап 24.kz хабарлады. Биылғы қыста егеуқұйрықтар қысылудың орнына арқаларын кеңге салып, күн өткен сайын көбейіп барады екен. Жалпы Финляндия астанасында бұл кеміргіштер бұрыннан бар, бірақ, жуырда қала тұрғындары олардың едәуір көбейгенін айтып, жергілікті билік органдарына арыз-шағымдар түсірген. Санитарлық қызметтің мәліметінше, кеміргіштердің көбеюіне қаладағы азық-түліктің қолжетімділігі себеп болыпты. Айта кету керек, егеуқұйрық тез көбейетін жәндік. Оның ұрғашысы жылына 40 ретке дейін құрсақ көтере алады.