Жаңалықтар

Бұрынғы әлем чемпионы Джалолов-Қоңқабаев жекпе-жегінде кім жеңетінін айтты

ашық дереккөзі

Бұрынғы әлем чемпионы Джалолов-Қоңқабаев жекпе-жегінде кім жеңетінін айтты

IBA нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақта кәсіпқойлар арасындағы бұрынғы әлем чемпионы Марат Мәзімбаев Sports.kz-ке алдағы әлем чемпионатында Баходир Джалолов пен Қамшыбек Қоңқабаев арасында болуы мүмкін жекпе-жек туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Баходир Джалолов – қазіргі әлем чемпионы, кәсіби бокста да өнер көрсетеді. Ол өзіне сенімді бола бастады. Сонымен қатар үйінде жаттығады. Қамшыбек Қоңқабаевқа өте қиын болады. Ол жеңіске жету үшін бар күшін салуы керек. Бірақ, объективті түрде қарасаңыз, қазіргі уақытта Джалолов жақсырақ көрінеді», - дейді маман. Бокстан әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында Өзбекстан астанасы - Ташкентте өтеді.