Президент Бас прокурорды қабылдады
7 ақпан, 2017 /
Анар ЛЕПЕСОВА
Президент Бас прокурорды қабылдады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Бас прокурор Жақып Асановты қабылдап, бірқатар тапсырмалар берді.
Кездесуде қадағалаушы органның өткен жылы атқарған жұмыстары баяндалып, алдағы іс-жоспары айқындалды. Президент құқық қорғау саласындағы реформаларды одан ары нәтижелі жүзеге асыруды тапсырды. Сондай-ақ заңбұзушылықтардың санын жасырмай, барлығын біркелкі тіркеп тұруды ескертті.
Ал Жақып Асанов бизнес қауымдастықты алаңдатқан кедергілерді азайту, Жолдауда көзделген мақсат-міндеттерді орындау және қылмыстық процестерді электрондық нұсқаға көшіру үшін тиісті жұмыстар қолға алынғанын жеткізді.