Шахмат: Непомнящий мен Лижень он үшінші партияда тең түсті

Шахмат: Непомнящий мен Лижень он үшінші партияда тең түсті

Шахмат: Непомнящий мен Лижень он үшінші партияда тең түсті
ашық дереккөзі
Елордада әлем чемпионы атағы үшін ресейлік спортшы Ян Непомнящий мен қытайлық шахматшы Динь Лижень арасында өтіп жатқан шахмат бәсекесінің он үшінші партиясы мәресіне жетті, деп хабарлады turkystan.kz.  Тартысқа толы бұл партия 39 жүріспен аяқталды, қос шахматшы тең түсті. Жалпы есеп – 6,5:6,5. 29 сәуірде әлем чемпионы атағы үшін шешуші ойын өтеді. Бұл кездесуде де жеңімпаз анықталмаса,  шахматшылар тартысы 4 партиядан тұратын тай-брейкке ұласады. Ол ойында да тең есеп тіркелсе, қос мықты блицте шеберлік байқасады. Одан кейін «ақтық партия» бар. Еске сала кетейік, 7 сәуірде Астанада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін жарыс басталғанын хабарлаған болатынбыз.