Астанада пара дзюдодан Азия чемпионаты өтеді
28-30 сәуір күндері Астанада пара дзюдодан Азия чемпионаты өтеді деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстан пара дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, құрлықтық біріншілікке Азияның 11 елінен 80-нен астам татами шебері қатысады.
Атап айтқанда, Астана татамиінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Жапония, Моңғолия, Үндістан, қытайлық Тайпей, Индонезия, Иран, Оңтүстік Корея және Таиланд спортшылары бақ сынайды.
Аталған жарыста Қазақстан ұлттық құрамасынан J1 және J2 санаты бойынша 22 дзюдошы қатысады.
Айта кетсек, Азия чемпионаты Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.
Пара дзюдодан Азия чемпионатының жарыс кестесі:
28 cәуір
11:00 – Жарыстың басталуы
15:00 – Жарыстың ресми ашылу салтанаты
15:30 – Финал
Ерлер:
J1: -60 кг, -73 кг; J2: -60 кг, -73 кг
Әйелдер:
J1: 48 кг, -57 кг; J2: - 48 кг, -57 кг
29 сәуір
11:00 – Жарыстың басталуы
15:00 – Финал
30 сәуір
Ерлер:
J1: -90 кг, +90 кг; J2: -90 кг, +90 кг
Әйелдер:
J1: -70 кг, +70 кг; J2: -70 кг, +70 кг
Командалық жарыстар
10:00 – Жарыстың басталуы