Жаңалықтар

Еуразиялық банк 2023 жылды елеулі табыстармен қарсы алды

ашық дереккөзі

Еуразиялық банк 2023 жылды елеулі табыстармен қарсы алды

Еліміздегі іргелі қаржылық ұйымның бірі Еуразиялық банк 2022 жылы көрсеткіштердің айтарлықтай өсіміне қол жеткізе отырып, нарықтағы орнын нығайта түсті. Бұл турадлы бүгін аранайы баспасөз мәслихатын өткізген банк өкілдері айтты. Банк басшылығы БАҚ өкілдері алдында  өткен  2022 жылдың қаржылық нәтижелері бойынша халықаралық аудиторлық қорытындымен расталған және ҚЕХС стандарттарына сәйкес құрылған қаржылық есептілігін жариялады.

Банк пайдасы алты есе өскен

Мәселен, 2022 жылғы геосаяси шиеленіс, тұрақсыздық, санкциялық шектеулер Қазақстанның банк жүйесі үшін кезекті сын-қатерге айналып қана қоймай, сонымен бірге жаңа мүмкіндіктерге де жол ашқан. Еуразиялық банк бұл уақытты өзінің пайдасына жаратып, нарықтық үлесін 3,8% шамасынан 5,3%-ға жеткізді. «Сондай-ақ  клиенттердің несиелері 2022 жылдың 12 айында 67%-ға ұлғайып, яғни 635,3 млрд теңгеден 1,06 трлн теңгеге дейін жетті. Корпоративтік сегментте де, бөлшек сегментте де несие беру қарқыны өскен. Депозиттер мен шоттардағы қаражат 70%-ға, яғни 1,136 трлн теңгеден 1,931 трлн теңгеге дейін артты, бұл клиенттердің сенімді және тұрақты қаржы институты ретінде банкке үлкен сенім артатындығының айғағы болып табылады», - деді басқарма төрайымынң қаржылық блок жөніндегі орынбасары  Наталья Дружинина. Оның айтуынша, банктің меншікті капиталы 65%-ға, яғни 197,3 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл капиталдың болашақта белсенді өсімді қамтамасыз ету үшін қолайлы деңгейде жеткілікті екенін көрсетеді. Шоғырландырылған таза пайда 6 еседен астам дәрежеде ұлғайып, 83,3 миллиард теңгені құрады. Несиелеуден басқа негізгі кіріс көздеріне конверсиялық операциялар мен карточкалық бизнестен алынған кірістер жатады.