5 күн бұрын психдиспансерден қашып кеткен адам табылды

5 күн бұрын психдиспансерден қашып кеткен адам табылды

5 күн бұрын психдиспансерден қашып кеткен адам табылды
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысындағы психдиспансерден кетіп қалған 29 жастағы азамат табылды деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, 21 сәуірде Тайынша ауданының полиция бөліміне Тайынша қаласының психикалық денсаулық орталығының аумағынан қамқорға алынған 29 жастағы адамның белгісіз бағытта кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Полицейлер іздестіру іс-шараларын бастады. Оларға еріктілер көмекке келді.
«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 25 сәуірден 26 сәуірге қараған түні жоғалған адамның орналасқан жері анықталды. Оны Тайынша ауданы полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Дархан Сағидула Ақмола облысы Мариновка ауылынан тапқан. Ер адам Тайынша қаласынан жолға шығып, Астанаға кеткені белгілі болды. Сол жерден алыс туыстары оны Мариновкаға жіберген. Сол мекенжайдан полиция қызметкері тапқан. 26 сәуірде ол Тайынша қаласына аман-есен жеткізіліп, психикалық денсаулық орталығының басшылығына тапсырылды», - делінген хабарламада.