Астанада орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері біліктілігін арттыруда

26 сәуір, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Астанада орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері біліктілігін арттыруда «Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты 24 сәуірде пәндік құзыреттілікті дамыту мақсатында  бірнеше тақырыпты қамтыған біліктілікті арттыру курстарын ашып, оқыту жұмыстарын бастады деп хабарлады turkystan.kz. Курстардың тақырыптық бағыттары Педагогтер орта мектепте күрделі тақырыптарды оқытуға, пән мазмұнын тереңдетуге бағытталған оқу бағдарламаларын меңгеретін болады. Сондай-ақ, мғалімдердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру, оқушылардың даму деңгейлері мен ерекшеліктерін ескере отырып, бағалаудың технологиясы бойынша  кәсіби қызметін жобалау жолдары, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану дағдылары қарастырылады. Айта кетейік, Астана қаласы бойынша аталмыш курсқа 170 педагог қатысып жатыр. Оқыту жұмыстары 5 мамырға дейін жалғасады.