Жаңалықтар

Еліміздің 11 өңірінде шаңды дауыл соғады

ашық дереккөзі

Еліміздің 11 өңірінде шаңды дауыл соғады

Синоптиктер еліміздің 11 өңірінде жел, шаңды дауыл соғып, найзағай ойнайтынын ескертті деп хабарлады turkystan.kz. Қазгидрометтің болжамы бойынша, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін. Қостанай облысының басым бөлігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 17-22 м/с. Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 17 м/с. Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Шымкентте шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с. Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күші облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 25 м/с. Павлодар облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақмола облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Жамбыл облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.