«Өтірікті сендіріп айтудың өзі өнер»: депутат халықты қымбатшылық қысып жатқанын айтты

«Өтірікті сендіріп айтудың өзі өнер»: депутат халықты қымбатшылық қысып жатқанын айтты

«Өтірікті сендіріп айтудың өзі өнер»: депутат халықты қымбатшылық қысып жатқанын айтты
ашық дереккөзі
Қазақстанда азық-түлік бағасы өсіп, халықты қымбатшылық қысып жатыр. Осы мәселені көтерген Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Иргалиевке депутаттық сауал жолдады деп хабарлады turkystan.kz. «Өтірікті сендіріп айтудың өзі өнер» деген сөзді Статистика бюросы тура мағынасында түсінетіндей көрінеді. Олардың ресми мәліметін оқысаң, Қазақстанда орташа жалақы Еуропаны өкшелеп қалған, ал жұмыссыздық көрсеткіші бойынша Скандинавия елдерінен еш кем түспейміз. Дәл қазір қазақстандықтардың ең басты проблемасы – азық-түлік бағасының шарықтауы. Қымбатшылық қарапайым халықты алқымдап тұр. Бірақ Ұлттық статистика бюросы 10 жұмыртқа – 490 теңге, айранның литрі – 390 теңге, пияз – 182 теңге, ал қияр мен қызанақ бағасын 1000 теңгенің көлемінде дейді. Статистика бюросының мәліметінше, биыл наурызда азық-түлік бағасы шамамен 21%-ға өсіпті. Шындығында, мәселе одан әрі ушығып тұр", - деді депутат. Елнұр Бейсенбаев бұл цифрларға қарапайым халық сенбейтінін айтты. Сөз соңында нақты ақпарат берудің жаңа, әділ ережесін қалыптастыру қажет екенін жеткізді.