Жаңалықтар

Түркістанда ұстаздар оқушының орнына тест орындап берген

ашық дереккөзі

Түркістанда ұстаздар оқушының орнына тест орындап берген

Түркістан облысында мемлекеттік аттестаттау барысында заң бұзушылыққа жол берген мектеп директоры сөгіс алды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Оқиға Келес ауданында болған. №43 «Болашақ» жалпы орта мектебінде өткен мемлекеттік аттестаттау барысында ұстаздар заң бұзушылықтарға жол берген. Түркістан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері әжетханаға сұранып шыққан оқушының тапсырмалары компьютерді қашықтан басқару арқылы орындалғанын анықтады. «Видеода 13-сұрақ белгіленбеген қалпында тұр және қызыл белгіні көрсетіп тұр. Оқушы пароль логинімен қайта кірсе 13 сұрақ белгіленген. Педагогтер қауымын әділдікке, адалдыққа шақырамыз. Болашақ ұрпақты адал білім мен тәрбиеге баулуға, оқушылардың бойына жаман әдеттерді сіңірмеуге, оңай жолмен баға алуды үйретпеуге шақырамыз», - дейді Түркістан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов. Аталған оқиға бойынша мектеп директорына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.