Жаңалықтар

Бозымбаев жанармай бағасының қымбаттау себебін түсіндірді

ашық дереккөзі

Бозымбаев жанармай бағасының қымбаттау себебін түсіндірді

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстанда елімізде жанармай бағасының қымбаттау себебін айтты. "Себептердің бірі – рубльге шаққандағы теңге бағамының өзгеруі, бұл жайт осыдан екі апта бұрын болды. Ол кезде импорттық бензин сатып алынған болатын, сол себепті ресейлік бензиннің бағасы артып кетті", - деді Бозымбаев үкімет отырысынан соң тілшілерге. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта барлық қазақстандық мұнай өңдеуші зауыттар  жұмыс істеп тұр. "Бәрі жақсы. Тиісті мөлшерде өндірілуде, тапшылық болмайды", — деп сендірді министр.