Ертең Астанада жылыту маусымы аяқталады

26 сәуір, 2023 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
Ертең Астанада жылыту маусымы аяқталады Астанада жылыту маусымы аяқталады деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Ауа райының қолайлығына байланысты 27 сәуірден бастап жылуды кезең-кезеңімен өшіру туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, талапқа сәйкес, бес күн қатарынан +10 градус температура сақталған жағдайда тұрғын үйлер жылудан ажыратылады.