Жаңалықтар

«AMANAT»: Жамбыл облысында 2 мың адам ауыз сумен қамтылды

ашық дереккөзі

«AMANAT»: Жамбыл облысында 2 мың адам ауыз сумен қамтылды

Жамбыл облысындағы Бесағаш ауылының тұрғындары бірнеше жылдан бері су үнемдеп келді. Бұған кентте орталықтандырылған су құбырының жоқтығы себеп болды. «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы осы мәселені ескеріп, құбыр тарту жұмысын өз бақылауына алды. Партиялықтар мердігердің құбыр тарту кезінде істеген жұмысының барлық кезеңін бақылап отырды. Осы аптада Бесағаштағы әр шаңыраққа су берілді. Сөйтіп, 591 үйде тұрып жатқан 2 мыңға жуық адам таза ауыз сумен қамтылды.