Қостанайда үшінші қабаттан 1 жасар бала құлап кетті
Қостанайда Чехов көшесіндегі 5 қабатты үйдің терезесінен бір жасар бала құлап кетті деп хабарлады turkystan.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бала үшінші қабаттан құлап кеткен. Оқиға 25 сәуірде кешкі сағат 19:50-де болған.
«Бала ересектердің қарауынсыз қалып, ашық тұрған терезеге мініп, сыртқа құлап кеткен. Сәби қалалық балалар ауруханасының реанимациясына шұғыл түрде жатқызылды. Дәрігерлер жабық ми жарақаты, жағдайы ауыр деген диагноз қойды», - деп мәлімдеді ведомство.
Құтқарушылар тағы бір мәрте ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді. Олардың айтуынша, москит торлар баланың қауіпсіздігіне кепіл емес.