Алматыдағы қонақүйде шетел азаматын өлтіріп кеткен

26 сәуір, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Алматыдағы қонақүйде шетел азаматын өлтіріп кеткен Алматыдағы қонақ үйлердің бірінде Өзбекстан азаматы өлі табылды деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға 20 сәуір күні Қарасай ауданында болған. Сағат 14:25 шамасында қонақ үйдің бөлмесінде 26 жастағы өзбекстандық қыздың денесі табылған.
«Оқиға болған жерде тергеу амалдары жүргізілді. Жедел-іздестіру шараларынан кейін 34 жастағы ер адам ұсталды. Ол аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінді. Ер адам қамауға алынды», –  деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов.
Қылмыстық құқықбұзушылық қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі «кісі өлтіру» бойынша Қарасай аудандық полиция басқармасында тіркелген. Тергеу барысын өңірлік ПД басшылығы бақылауға алды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды.