Жаңалықтар

Мексикадағы бокс кешінде Әбілхан Аманқұлдың қарсыласы ауысты

ашық дереккөзі

Мексикадағы бокс кешінде Әбілхан Аманқұлдың қарсыласы ауысты

6 мамыр күні Мексиканың Гвадалахара қаласында өтетін бокс кешінде қазақстандық Әбілхан Аманқұлдың қарсыласы ауысты деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап. Гвадалахарадағы бокс кешінде екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альварес пен британиялық Джон Райдер жұдырықтасады. Сондай-ақ андеркардта екі қазақстандық өнер көрсетеді. Алғашында Әбілхан Аманқұлдың (3-0, 3 КО) қарсыласы ретінде жергілікті боксшы Хесус Паломарес (7-2-1, 4 КО) аталған болатын. Енді BoxRec.com сайтында Аманқұлдың оппоненті ретінде өзге мексикалық Фабиан Риоса Фраусто (7-6-3, 4 КО) көрсетілген. Аталған кеште, сондай-ақ, рингке тағы бір қазақстандық Бек Нұрмағамбет (9-0, 7 КО) шығады. Оның қарсыласы – венесуэлалық Аргенис Эспаньей (15-1, 14 КО).