Жаңалықтар

Зейнеткердің ұялы телефонын қолды еткен күдікті ұсталды

ашық дереккөзі

Зейнеткердің ұялы телефонын қолды еткен күдікті ұсталды

Жетісу облысында зейнеткердің үйіне келген қонағы телефонын ұрлап кеткен деп хабарлады turkystan.kz. Үштөбе қаласының 78 жастағы зейнеткері полиция қызметкерлеріне ұялы телефонын жедел қайтарып бергені үшін алғысын білдірді деп жазды Polisia.kz. Жаңбырлы күні күдікті қарттың үйіне қонақ болуға өзі сұранған. Қонақ қыз кеткеннен кейін үй иесі ұялы телефонын еш жерден таппай, жоғалғанын байқаған. Қаратал аудандық полициясының қызметкерлері бір тәулік ішінде дәл осындай құқықбұзушылық үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдіктіні анықтап, ұстады. – Полиция қызметкерлері менің өтінішімді кейінге қалдырмай, жылдам қарастырып, ұрлықты тез арада ашқанына өте қуаныштымын. Ұрланған телефон маған қайтарылды. Полицейлерге үйлесімді және кәсіби жұмысы үшін алғыс айтамын, – деп атап өтті ақсақал. Күдікті өз кінәсін мойындады. Дегенмен, оның тәрбиелеп отырған кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескеріп, тергеу мерзіміне сәйкес ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат бұлтартпау шарасы қолданылды.