Қазақстанда қай қаланың тұрғындары ұзақ өмір сүретіні анықталды
Қазақстанда қай қаланың тұрғындары ұзақ өмір сүретіні анықталды
Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы бір жылдың ішінде 4,2 жасқа өсті деп хабарлады turkystan.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2022 жылы халықтың өмір сүру ұзақтығы 74,4 жас болса, бұл көрсеткіш бір жылдың ішінде бірден 4,2 жасқа өсті. Айта кетейік, 2020-2021 жылдары өмір сүру ұзақтығы көп жылғы өсімнен кейін алғаш рет төмендеген болатын: 71,3 және 70,2 жас.
Гендерлік тұрғыдан алғанда, әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 78,4 жас болса, 2021 жылы 74 жас болған. Ал ерлер арасында бұл көрсеткіш 70,2 жасқа дейін өсті, бұған дейін соңғы 5 жылда көрсеткіш 68,8 жас деңгейінен көтерілмеген болатын.
Өңірлік бөліністе Алматы қаласында өмір сүру ұзақтығы ең жоғары – 77,3 жас, ең төмені Ұлытау облысында – 71,4 жас.