Аяққа таптады: кәсіпкер Гүлмира Сатыбалдыдан қандай зорлық көргенін айтты

Аяққа таптады: кәсіпкер Гүлмира Сатыбалдыдан қандай зорлық көргенін айтты

Аяққа таптады: кәсіпкер Гүлмира Сатыбалдыдан қандай зорлық көргенін айтты
ашық дереккөзі
Зардап шегуші кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов Гүлмира Сатыбалдының ісіне қатысты өз ойын білдірді деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап. Алагөзов Сатыбалдының әрекетіне байланысты бес жылдан бері «азап пен уайым» кешіп жүргенін жеткізді. Кәсіпкердің сөзінше, Сатыбалды «оны бүкіл қазақстандық бизнес қауымдастықтың алдында масқара қылған».
«Ол менің адам және кәсіпкер ретіндегі ішкі сенімімді аяққа таптады», - деді Алагөзов.
Оның айтуынша, Сатыбалдының әрекетін «адам ипотекаға 10 миллион теңгеге пәтер сатып алып, 1 миллион теңге төлеуге қалғанда, кенеттен отбасылық жанжалды пайдаланып, қалған соманы төлейтін адамның пайда бола қалуымен салыстыруға болады».
«Осыдан кейін ол адам өзін пәтердің иесі деп жариялап, пәтердің нақты иелерін баспанадан шығарып жібереді. Сатыбалды екеуміздің арамыздағы жағдай осыған ұқсас», – дейді. 
Алагөзов, сонымен қатар Сатыбалдының балағаттағанын, моральдық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын атап өтті. Еске салайық, 14 наурызда Астанада Байқоңыр ауданының №2 сотында Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша басты сот отырысы өтті. Ол қылмыстық құқықбұзушылықты ұйымдастырды, озбырлық жасады және адам ұрлады деп айыпталып отыр.