Жаңалықтар

Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға соттауды сұрады

ашық дереккөзі

Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға соттауды сұрады

Прокурор Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыны сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады деп хабарлады turkystan.kz.

«Сатыбалдыға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 389-бабының 4-бөлігі бойынша мүлкін тәркілеусіз 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, ҚР ҚК 28-бабының 3-бөлігі бойынша 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», – деді прокурор Азамат Сәрсембаев.

Айта кетейік, Гүлмира Сатыбалды мұның алдында өз кінәсін ішінара мойындаған еді.