Кәрім Мәсімов жазасын қандай түрмеде өтейді?
Кәрім Мәсімов жазасын қандай түрмеде өтейтіні белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Кәрім Мәсімов жазасын қатаң режимде өтейтіні туралы мәлімдеді.
«Мәсімов жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда (қатаң режим) өтейді», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, кеше ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 18 жылға бас бостандығынан айырылды.