Жаңалықтар

Оралда қоқыстан табылған нәрестенің қазіргі жағдайы белгілі болды

ашық дереккөзі

Оралда қоқыстан табылған нәрестенің қазіргі жағдайы белгілі болды

Орал дәрігерлері кеше қоқыс жәшігінен табылған сәбидің жағдайы туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап. Қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Шақалақтың ағзасынан улану, гипотермия (жылу алмасуының бұзылуы) және гипогликемия (қандағы глюкозаның төмен концентрациясы) белгілері байқалған. «Нәресте 15 мл-ден тамақтанып, сүт қоспасын өздігінен сорады. Бүгінде оның салмағы 2 990 грамм, бойы – 52 сантиметр. Мидың КТ бойынша гипоксия белгілері (оттегінің жетіспеуі), жүрек ЭхоКГ бойынша – 0,2 см «ашық сопақ терезесі», ішкі ағзалардың УДЗ бойынша – бауыр паренхимасында (негізгі ұлпада) орташа өзгерістер бар», - дейді дәрігерлер. Дәрігерлер шақалақтың ауруханаға жеткізілерден 7-8 сағат бұрын дүниеге келгенін айтады.