Жаңалықтар

Алматыда ҰҚК департаментінің бұрынғы басшысы 6 жылға сотталды

ашық дереккөзі

Алматыда ҰҚК департаментінің бұрынғы басшысы 6 жылға сотталды

Алматының Алмалы аудандық соты Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің бұрынғы басшысына қатысты істі қарады деп хабарлады turkystan.kz. Сот оны билікті және қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланды деп айыптап, кінәлі деп таныды. «Сот М.-ны ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігі бойынша айыпты деп тауып, ҰҚК генерал-майоры арнайы атағынан, 10 жылға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында лауазымды қызметтер атқару құқығынан айырумен қатар, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды», - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.