Жаңалықтар

Үкімет: ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен

ашық дереккөзі

Үкімет: ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай-газ саласындағы маңызды инфрақұрылымдық объектілерді жекеменшікке берудің заңдылығы мәселесі талқыланды деп хабарлады turkystan.kz. Жиында мұнай-газ саласында жұмыс істейтін ірі компанияның осыдан бірнеше жыл бұрын жекеменшікке сатылғаны айтылды. Комиссия тапсырмасымен жүргізілген тексеру активтің төмендетілген бағамен жекенің қолына өтіп кеткенін анықтады. Премьер-министр құзырлы мемлекеттік органдарға осы мәселені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында пысықтауды тапсырды.