Министр шетелде оқитын балаларын елге әкеле ме?

Министр шетелде оқитын балаларын елге әкеле ме?

Министр шетелде оқитын балаларын елге әкеле ме?
ашық дереккөзі
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке журналистер осы уақытқа дейін Кипрде оқитын балалары елге қашан оралатыны жайлы бірнеше рет сұрақ қойған болатын. Нартай Аралбайұлына сұхбат берген министр тағы осы сауалдан айналып өте алмады деп хабарлады turkystan.kz. Көптің көкейіндегі сұраққа жауап берген Саясат Нұрбек бұл мәселе шешілгенін айтты. «Мамырдың басында толық көшіріп әкелемін. Қазір мектеп іздеп жатырмыз», - дейді министр.   Сонымен қатар Ғылым және жоғары білім министрі мансабы үшін біраз дүниені құрбан еткенін жеткізді. «Көп адам «ой, министр болды» деп ойлайды ғой. Менің арманым болған, PhD-ді барып оқу. 2014 жылы Кембриджге, 2013 жылы Оксфордқа түстім, қазір Сингапурдің ең атақты NTU оқу орны шақырып жатыр. Бара алмадым. Сосын отбасымды құрбан еттім. Қазір балалармен, жұбайыммен уақыт өткізе алмаймын, мүлде көрмеймін. ...Сосын денсаулықты құрбан еттік», - деді ол.