Жаңалықтар

Лаңкестер Дамаскта газ құбырын жарып жіберді

ашық дереккөзі

Лаңкестер Дамаскта газ құбырын жарып жіберді

Сирияның Дамаск қаласына бекінген лаңкестер аймақтағы газ құбырын жарып жіберді. Бұл туралы елдің электр энергетика министрлігіне сілтеме жасап «Сана» агенттігі хабарлады. Газ құбыры Джеруд ауданындағы «Ан-Насерия» электр станциясына көгілдір отын жеткізіп отырған. Жарылыс салдарынан станция жұмысы тоқтады. Бұған дейін Ресейдің Сириядағы бітімгерлік орталығы елде енгізілген оқ атпау тәртібінің бес рет бұзылғанын мәлімдеген болатын. Дегенмен бүгінге дейін Сирия оппозициясының 1 мың 195 қарулы тобы бітімгерлік келісімге қосылған.