Жаңалықтар

ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке сот үкімі шықты

ашық дереккөзі

ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке сот үкімі шықты

ҰҚК бұрынғы төрағасы  Кәрім Мәсімов 18 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлады turkystan.kz. Сот оның мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды. ҰҚК-нің бұрынғы басшысынан мемлекетке 10 миллиард теңге және 24 миллион доллар өндірілді. Сондай-ақ ол өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар оның үш орынбасары – Әнуар Садықұлов 16 жылға, Дәулет Ерғожин 15 жылға, Марат Өсіпов 3 жылға сотталды.