Жаңалықтар

Заңгер сексуалды зорлық-зомбылыққа қатысты істерді тергейтін департамент құруды ұсынды

ашық дереккөзі

Заңгер сексуалды зорлық-зомбылыққа қатысты істерді тергейтін департамент құруды ұсынды

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ұйымдастыруымен баспасөз мәслихаты өтті. Іс-шараға Ұлттық комиссия атынан әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлерімен күрес секторын басқаратын құқық қорғаушы және заңгер Айман Умарова қатысты. Сондай-ақ Алматы қаласының Балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Халида Әжіғұлова, адвокаттар Раджан Берсінбаев, Кәмшат Шынтекова, Мақсат Қали, Айжан Дәрібаева, Алматы қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның бас инспектор-хатшысы Гүлнар Әмірова сөз сөйледі. Спикерлер өз тәжірибесіндегі келеңсіз жағдайлармен бөлісіп, мәселелерді шешудің мүмкін жолдарын айтты, сондай-ақ құзырлы мемлекеттік органдарға ұсыныстарын жеткізді. Ұлттық комиссия ұсынған мәселені шешу бойынша ұсыныстарды Айман Умарова мәлімдеді.