«Кедергілер кезігеді»: журналист Бибісара Асаубаеваға ағалық кеңесін айтты

«Кедергілер кезігеді»: журналист Бибісара Асаубаеваға ағалық кеңесін айтты

«Кедергілер кезігеді»: журналист Бибісара Асаубаеваға ағалық кеңесін айтты
ашық дереккөзі
Белгілі шахматшы, «Еңбек сіңірген спорт шебері» Бибісара Асаубаева әлеуметтік желіде оқырмандарының тілге қатысты сұрағына жауап беремін деп басы дауға қалды. Спортшыға журналист Ришат Асқарбекұлы Facebook-тегі парақшасында кеңесін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Бибісара, сенің басың қатты істейтін шығар. Бірақ сол ақылды миыңда ана тіліңе деген орын табылмағаны өкінішті. Қажеттілік жоқ па? Болады, көресің. Қазақ тілін білмегенің үшін әлі кедергілер кезігеді алдыңнан. Ұлтыңның тілін үйренбей - қазақ шахматшысы бола алар ма екенсің?! Ана сүтімен даритын басты құндылық - тіл болса керек-ті. Видеоңды көрдік. “Алдымда үш жарыс күтіп тұр. Ал қазақ тілін үйренуге уақыт жоқ” депсің. Мұны мысқылдап тұрып емес, жыламсырап айтқаныңда ғой, ең құрығанда. Сені жақсы көреміз. Әлемдік жарыстарда ана тіліңде сайрап тұрсаң, одан да қатты жақсы көрер едік» деп жазды Ришат Асқарбекұлы.