Жаңалықтар

Түркістан облысы тұрғындарының табысы Атырау облысына қарағанда 4 есе аз – сарапшы

ашық дереккөзі

Түркістан облысы тұрғындарының табысы Атырау облысына қарағанда 4 есе аз – сарапшы

«SocioExpertClub» пікірталас клубының «Өңірді дамыту және мемлекеттің рөлі» тақырыбында кезекті отырысы өтті. Жиын барысында «Desht» талдау орталығының басшысы, экономист Қуаныш Жайықов түрлі мәселеге қатысты өзіндік көзқарасын білдіріп, оны шешу жолдарын ұсынды. «AMANAT» Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева осы кездесудің модераторы болды. Талқылауға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, талдау орталықтарының, мемлекеттік органдар мен кәсіподақтардың өкілдері, экономистер, саясаттанушылар және т.б. қатысты. «AMANAT» партиясының Хатшысы Дәулет Кәрібек мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және өңірлерді дамыту – өзара сабақтас процестер екенін атап өтті. «Қазақстан өңірлік даму векторын айқындайтын бірқатар ерекшелікке ие. Алайда, басты ерекшелік – ауқымды жер аумағы және халықтың тығыз орналаспауы. Өңірді дамыту мәселесінде орналасқан аумақтың ерекшелігі маңызды рөл атқарады», – деді ол. Қуаныш Жайықов жан басына шаққандағы орташа табыс және өмір сүру ұзақтығы сынды екі көрсеткішті салыстыра келе өңірлердің экономикалық даму деңгейі әртекті екенін атап өтті. Сарапшы Түркістан облысы тұрғындарының табысы (174$) Атырау облысына (671$) қарағанда 4 есе аз екенін атап өтті. Мысалы, АҚШ, Канада және Австралияда табыс алшақтығы 1,5 есені құрайды. Сарапшы аудандардың экономикалық тұрғыда да айырмашылығы барын атап өтті. Сондықтан өңірлерді дамыту саясаты да әр түрлі болуы керек. Мәселе жергілікті жерде шешілгені дұрыс. Ал орталықтың рөлі – бұл мәселені өз бетінше шеше алмаған кезде өңірге қолұшын созу керек.