Жаңалықтар

9 мамырда әскери шеру бола ма? – Қорғаныс министрлігі жауап берді

ашық дереккөзі

9 мамырда әскери шеру бола ма? – Қорғаныс министрлігі жауап берді

Қазақстанның қорғаныс министрлігі биыл Жеңіс күніне орай әскери парад өтпейтінін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. «Бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты 2023 жылы Қазақстанда әскери парад өткізу жоспарланып отырған жоқ. Атап айтқанда, Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін қолдауға басымдық беріледі», - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында. 7 және 9 мамырға жоспарланған өзге де іс-шаралар туралы ақпарат жақын арада Қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланады.