Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі
Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі
Ұлттық банк доллар мен рубльдің 24 сәуірге арналған бағамын белгіледі деп хабарлады turkystan.kz.
1 доллар құны – 457, 68 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 5,68 теңге.
21 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,62 теңгеге төмендеп, 457,43 теңге болған.
Ресей валютасы 5,60 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449,5 – 453,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 450– 454 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,45 – 5,65 теңгеге сатып алуға болады.
Астанада көрші ел валютасы 5,43 – 5,53 теңгеден саудаланып жатыр.