Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды

24 сәуір, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды Акбаржон Исмаилов пен Аурика Дяк ҚХА төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімдерімен: Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды», - делінген құжатта.
Айта кетейік, Тауфик Акрамович Каримов және Наталья Григорьевна Дементьева Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.