Жаңалықтар

«Найзағай, тұман, жел»: еліміздің 12 өңірінде ескерту жарияланды

ашық дереккөзі

«Найзағай, тұман, жел»: еліміздің 12 өңірінде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 24 сәуірге арналған ауа райы болжамын және дауылды ескертуді ұсынды деп хабарлады turkystan.kz. Кей аймақтарда күшті жел соғып, тұман түседі. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады. Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуінен жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте найзағай ойнайды. «Қазақстан бойынша жел күшейіп, батыста, солтүстікте тұман, ал оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады», - делінген хабарламада.