«АрселорМиттал Теміртау» заңгерінің денесі өртенген пәтерден табылды

«АрселорМиттал Теміртау» заңгерінің денесі өртенген пәтерден табылды

«АрселорМиттал Теміртау» заңгерінің денесі өртенген пәтерден табылды
ашық дереккөзі

Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" заңгерінің денесі өрт шыққан пәтерден табылды деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Компанияның баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап, марқұмның отбасына көңіл айтты.

Әйел адамның денесін Шахтинск қаласының ТЖ бөлімінің қызметкерлері пәтерлердің бірінен тапқан. 23 сәуірде сағат 13.01 шамасында бесқабатты үйдегі пәтердің бірінен өрт шыққаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына келген өртсөндірушілер пәтерде жиһаз бен үй заттары өртеніп жатқанын анықтаған. Өрттің жалпы аумағы - алты шаршы метр.

"Оқиға орнында 1969 жылы туған әйел адамның денесі табылды. ТЖД өкілдері бес адамды эвакуациялады. Өрт 13.25 шамасында сөндіріліп, сағат 13.31-де толық сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Қарағанды облыстық ТЖД өкілдері.

Облыстық Полиция департаментінің өкілдері бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

"Марқұм әйелдің денесінде зорлық белгілері болды. Қазіргі уақытта кінәлі адамды және болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қажет сараптамалар тағайындалды", - деді облыстық ПД өкілдері.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ өкілдерінің сөзінше, марқұм әйел компанияда заңгер болып жұмыс істеген.