Алғашқы дүмпу таңертең тіркелген, оның магнитудасы - 6,1 балл. Араға бірнеше сағат салып, 5,8 баллдық дүмпу сезілген. EMSC мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 43 шақырым тереңде орналасқан.
Жер сілкінісінің эпицентрі Падангтан батысқа қарай 202 шақырымда, 840 мың халқы бар жерде және Париаманнан батысқа қарай 177 шақырымда, 92 мың халқы бар жерде болған.