Жаңалықтар

Астанадағы кітап жәрмеңкесінде бірнеше кітаптың тұсаукесері өтті

ашық дереккөзі

Астанадағы кітап жәрмеңкесінде бірнеше кітаптың тұсаукесері өтті

Астанадағы “EXPO” халықаралық көрме орталығында өтіп жатқан “EURASIAN BOOK FAIR - 2023” Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде “Атамұра” корпорациясының ұйымдастыруымен бірнеше жаңа кітаптың тұсаукесері өтті деп хабарлады turkystan.kz.

Тұсаукесер рәсімін “Атамұра” корпорациясының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ұлт руханиятының жанашыры Рақымғали Абрарұлы өзі жүргізіп отырды. Туындысы тұңғыш рет қазақ тіліне аударылған Анар Расулоғылы Рзаевқа қазақы дәстүрмен шапан жауып, шығармашылық табыс тіледі.