Қазақстандық балуандар Испаниядағы турнирде 10 медаль жеңіп алды

Қазақстандық балуандар Испаниядағы турнирде 10 медаль жеңіп алды

Қазақстандық балуандар Испаниядағы турнирде 10 медаль жеңіп алды
ашық дереккөзі

«Jovenes Promesas» халықаралық турнирінде қазақстандық балуан қыздар он медаль жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Қуаныш Жақсыбай баптайтын балуан қыздар 8 алтын, 2 күміс медальға қол жеткізді. Атап айтқанда, 50 келідегі Эллада Махяддинова, Аяжан Марқашева (53кг), Айнұр Әшімова (55 кг), Нилуфар Раимова (57 кг), Гүлдана Бекеш (59 кг), Тыныс Дубек (62 кг), Альбина Қайыргелдинова (65 кг) және Анастасия Панасович (72 кг) алтыннан алқа тақты. Ирина Кузнецова (62 кг) мен Іңкәр Жанатаева (76 кг) күміспен күптелді. Командалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орынға көтерілді.