Жаңалықтар

Каспий теңізінде 4 баллдық жер сілкінісі болды

ашық дереккөзі

Каспий теңізінде 4 баллдық жер сілкінісі болды

Каспий теңізінде су астындағы 4 баллдық жер сілкінісі болды деп хабарлады turkystan.kz.

Ulysmedia.kz сайтының жазуынша, 21 сәуір күні таңертең Ақтаудан 405 шақырым жерде су астындағы зілзала тіркелді.

Әзербайжан Ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық орталықтың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 56 шақырым тереңдікте болған.