Жаңалықтар

19 жастағы қазақстандық футболшы бір ойында үш гол салды

ашық дереккөзі

19 жастағы қазақстандық футболшы бір ойында үш гол салды

Қазақстандық шабуылшы Данил Анкудинов футболдан Армения чемпионатының 28-туры аясында "Лернаин Арцахқа" қарсы ойында (4:0) "Ван" командасы үшін хет-трик жасады деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 19 жастағы Анкудинов 19, 54 және 66 минуттарда гол соқты. Сондай-ақ нигериялық Сани Бухари (57-ші) бір гол соққан. Осы ойыннан кейін 34 ұпай жинаған "Ван" кестеде 10-орында тұр. "Лернаин Арцах" (21 ұпай) сегізінші қатарда.