Әйелін балконнан итеріп жіберген ер адамға сот үкімі шықты

Әйелін балконнан итеріп жіберген ер адамға сот үкімі шықты

Әйелін балконнан итеріп жіберген ер адамға сот үкімі шықты
ашық дереккөзі
Елордалық Алматы ауданының №2 соты отбасылық жанжалдан кейін жұбайын балконнан құлатқан тұрғынға айыптау үкімін шығарды деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап. Қалалық соттың мәліметінше, ер адам мас күйінде үй ішінде жанжал шығарып, әйелін ұрып-соққан және тұншықтырып, балконның терезесінен шығарып, 2-қабаттан лақтырып жіберген. Салдарынан әйелдің денсаулығына ауыр зақым келген. Ер адам өз кінәсін мойындады, оны жәбірленушінің айғақтары мен сот сараптамасы қорытындысы және істің басқа материалдары да растады. Прокурор айыптауды қолдады. Сот қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушының шын жүректен өкінгенін назарға алды. Одан бөлек мас күйінде қылмыс жасауды ауырлататын жағдай деп таныды. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігінің санкциясы (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) 3 жылдан 8 жылға дейін бостандықты шектеу немесе айыру түріндегі жазаны көздейді. Сот үкімімен ер адам денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.