Алматылық такси жүргізушісі шетелдіктен 40 мың теңге алған (ВИДЕО)
Алматылық такси жүргізушісі шетелдіктен 40 мың теңге алған (ВИДЕО)
Алматыда такси жүргізушісі Үндістан азаматын әуежайдан Наурызбай ауданына 40 мың теңгеге апарғаны жайлы видео тарады деп хабарлады turkystan.kz.
Бейнежазбадан такси жүргізуші мұндай сома таксометрдің көрсеткіштеріне сәйкес қойылғанын айтады. Содан кейін сапардың қымбаттығына тауларды «кінәлайды».
Ал шетелдік өзінің Қазақстанға келген әуебилеті осы такси сапарынан небәрі 3 мың теңгеге қымбат екенін атап өтті.
Үндістан азаматы Қазақстанға әйелімен және 3 жасар қызымен бірге келген.