Жетісайда көршісінің қызын зорлады деген күдікті ұсталды

21 сәуір, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Жетісайда көршісінің қызын зорлады деген күдікті ұсталды Түркістан облысының полицейлері зорлау қылмысы бойынша күдікті ер азаматты қамауға алды деп хабарлады turkystan.kz. Бұған дейін ауыл тұрғыны Жетісай ауданының полиция бөліміне шағымданып, кәмелет жасына толмаған қызына көршісі зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағанын айтқан еді. Аталған жайт бойынша оқиға орнында жедел тергеу тобы барлық жедел шараларды атқарды. Сонымен қатар бірқатар сот сараптамасы тағайындалды. Бүгінгі таңда ҚР ҚК 122-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл жайт Түркістан облысы ПД басшылығының тікелей бақылауында.